Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионаты спорттық гимнастика әлемінің назарын өзіне аударды. Турнир құрлықтың үздік гимнастары бақ сынайтын беделді дода ғана емес, Азия спортындағы жаңа есімдердің танылуына жол ашатын маңызды кезең.
Биылғы чемпионат ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық гимнастика және көркем гимнастика бойынша өтуде. Ерлер бәсекесі 5–8 маусым аралығында, әйелдер додасы 12–15 маусымда өтуде. Ал көркем гимнастика бойынша жарыстар мамыр айында өз мәресіне жеткен.
Чемпионат аясында командалық және жекелей көпсайыс, финалдық сындар ұйымдастырылуда. Біздің гимнастар командалық көпсайыста жүлде жеңіп алды. Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров 240.301 ұпай жинады.
Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), ал екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай) еншіледі.
Турнир 8 маусым күні аяқталады.