Головкин 6-маусымда рингке шығады

5517

Орта салмақта IBF белбеуі үшін Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Камил Шеремета арасындағы кездесудің нақты қашан өтетіні белгілі болды.

Головкин 6-маусымда рингке шығады

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық бокс федерациясы коронавирус эпидемиясы басталмай тұрып екі боксшы арасында өтуі тиіс кездесудің уақытын кейінге шегерген болатын. Головкин былтыр қазан айында IBF белдеуін өзіне қайтарып алғаннан соң бұл атақты жарты жыл ішінде қайта қорғауы керек еді.

Жерлесімізге Камил Шеремета қарсылас атанып, екі боксшы арасындағы жұдырықтасу ақпан айына белгіленген еді. Бірақ, кездесу наурыз айына, кейіннен сәуірге ауыстырылды. Таяуда жекпе-жек шамамен мамыр-маусым айында өтеді деген сыбыс пайда болған.

Сонымен, ESPN арнасының журналисінің хабарлауы бойынша көптен күткен кездесу 6-маусымға белгіленіп, Қазақстанда өтпейтін болды. Бұған дейін Головкин дәл осы кездесудің өз елінде өткенін қалайтыны жайлы айтқан еді. Ал, бұл жолдауға Шеремета қазақстандық боксшымен айда болса да жұдырықтасуға дайынмын деп жауап берген.   

"Коронавирус пандемиясына байланысты бокстан жоспарланған іс-шаралардың күнтізбесі өзгеріп жатқанымен, Геннадий Головкиннің Камил Шереметаға қарсы кездесуі 6-маусым Инглвудте Forum аренасында өтеді. Кездесуді Головкиннің туған елінде өткізу мүмкіндігі болған. Бірақ, енді бұл тақырып жабық. Жұдырықтасудың белгіленген күнде өтпеуінің бірден бір себебі, ол ақпан айында жаттығу барысында  GGG-дің оң аяғының жарақат алуы болатын", - деді ESPN арнасының журналисі.

Сарапшылардың айтуы бойынша Головкиннің поляк боксшысымен өткізетін жұдырықтасуы қыркүйек айында Канеломен өтетін жекпе-жекке дайындық болып табылады. Ал, 2-мамыр Лас-Вегаста мексикалық боксшы мен WBO бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің кездесуі болмауы да мүмкін. Себебі бұл жарыс екі тараптың бір келісімге келе алмағандығынан емес, коронавирус эпидемиясының кесірінен көрермендер жиналмайды деген қауіп бар.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу