Саул Альварес Сергей Деревянченкомен кездесу жайлы келісе алмағандықтан IBF 1 тамыз күні мексикалықты тұжырым титулынан айырған еді. Енді бос тұрған чемпиондыққа Деревянченко мен Головкин таласып көрмек. Қос боксшы да келісімін берді деп хабарлады америкалық баспасөз құралдары. The Athletic баспасының өкілі Майк Коппинджер бұл жайында туиттерге жазғаны сол еді, көптеген баспасөз бұл келісімді растап ақпарат таратты.
"GGG өкілдері 5 қазан күні "Мэдисон Сквер Гардендегі" кездесуге келісімін берді. Енді Деревянченконың өкілдері Кит Коннолли мен Эл Хэймон бұл келісімге қол қойса жеткілікті" деп жазды Майк Коппинджер.
Ермұхамед МӘУЛЕН
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу