Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орта салмақта бокстан абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) телефон шалып, қолдау білдірді. Телефон арқылы сөйлескен Мемлекет басшысы Геннадийдің Қазақстанның әлемдік аренада танымал болуына зор үлес қосқанын атап өтті.
"Жанкүйерлер үшін сіз халық чемпионы болдыңыз және болып қала бересіз. Біз сізбен мақтанамыз!" – деді Президент.
Дегенмен Геннадий Головкин мен Сауль Альвареске жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан рингке шықандары үшін миллиондаған гонорарға кепілдік берілген. Бұл боксшылар мен Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы арасындағы алдын ала келіссөздердің арқасында мүмкін болды, деп хабарлады EL FINANCIERO.
GGG мен жекпе-жекке шыққаны үшін Канело 65 миллион доллар алады. Бұл сомманың 10 миллионы оның негізгі жалақысы, қалғаны хабар тарату құқықтарынан және демеушіліктерден түскен қаражат.
Геннадий Головкин жекпе-жек үшін 8 миллион доллар алады. PPV және басқа да қосымша кірістерді қосқанда жалпы алғанда 45 миллион долларға дейін сыйақы алады. Трилогияның алғашқы жекпе-жегінде Альварес 40 миллион доллар, Головкин 22 миллион доллар табыс тапты. Екінші кездесуде екеуі де 30 миллион доллар табыс тапты.
Сонымен қатар бүгін Лас-Вегаста өткен бокс кешінде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Ахмедов те рингке шықты. Ол америкалық Габриэлем Росадодан (26-15-1, 15 КО) айласын асырды.
Жекпе-жек 10 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Боксшылар екі супер орта салмақтағы титулды - WBC Silver және IBF North America (Солтүстік Америка чемпионы) сарапқа салды. Қазір 27 жастағы Әлидің еншісінде 19 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Габриэль Росадо кәсіпқой рингтегі 16-шы жеңіліс тапты. 2013 жылы Росадо Геннадий Головкинмен де жекпе-жек өткізіп, жетінші раундта нокаутқа түскен болатын.
Ермұхамед Мәулен