Головкин Шереметамен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

5448

19-желтоқсан, таңертең Голливудта (АҚШ) Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында орта салмақтағы IBF және IBO титулдары үшін жекпе-жек өтеді.

Головкин Шереметамен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Салмақ өлшеу рәсімінен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді.

"Қазір мен өзімді тамаша сезінемін. Бокстың қайта оралғанына қуаныштымын. Менің келесі жекпе-жегімнің бокс тарихы үшін маңызы зор екенін білемін (21-ші Әлем чемпионы атағын қорғау Головкинге орта салмақтағы жаңа рекорд орнатуға мүмкіндік береді). Бәлкім, мен әзірге мұны жүз пайыз түсінбеген  де шығармын.

Мен Камила Шереметаны құрметтеймін. Ол әуесқой бокста керемет мансап жасады. Оған қоса ол әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Камил Шеремета нөмірі бірінші менің ресми қарсыласым. Бұл бокс. Мұнда барлығының мүмкіндігі бар. Онымен бірге биылғы жылдың ең керемет шоуын өткіземіз деп үміттенемін!" - деді Головкин.

Сонымен қатар орта салмақтағы IBF чемпионы (72,6 келіге дейін) қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) мүддесін қорғайтын ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) GGG-ге қарсы өтетін титулдық жекпе-жегіне болжам жасады.

"Шеремета керемет боксшы. Қазір ол өте сабырлы, салқынқанды. Бұл өте жақсы. Оның бұл жекпе-жекке дайын екенін және психологиялық тұрғыдан бапталғанын байқауға болады. Менің ойымша, ол жұмада Головкинге айтарлықтай мәселе туындатуы бек мүмкін. Головкин - бұл жекпе-жектің сөзсіз фавориті. Головкинге қарсы шыққандардың бәрі автоматты түрде екінші орынға түседі. Алайда, қазір Шереметаның жағдайы жақсы. Бұл ол үшін ең жақсы жас және керемет мүмкіндік. Шеремета мұны жақсы біледі", - деді Хирн Super Express басылымына берген сұхбатында.

Қазақстанда бұл жекпе-жек Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир 19-желтоқсан Нұр-Сұлтан уақытымен  07: 30-да басталады. Алдағы жекпе-жекте Геннадий өткен жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы (13-3, 10 КО) жеңгеннен кейін иеленген IBF және IBO белбеулерін сарапқа салады.

Ермұхамед Мәулен
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу