Қазақстан ҰОК басшысы сонымен қатар Азия чемпионатының финалын да тамашаламақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы World Boxing-ке мүше азиялық елдердің алғашқы жұмыс отырысына қатысуды жоспарлаған. Бұл жиын Таиландтың Чиангмай қаласында ұйымдастырылған. Кездесуде қатысушылар жаңа Азия бокс конфедерациясының құрылуы туралы сөз етіп, алдағы жұмысын талқылайды.
Айта кетейік, бұған дейін World Boxing Азия аймағында боксты дамыту және ілгерілетумен айналысатын ұйымның құрылғанын ресми түрде жариялаған еді.
Жиында World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Таиланд Бокс федерациясы мен Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Пичай Чунхавадзирамен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлаған.
Сонымен қатар, Қазақстан ҰОК басшысы Чиангмайда 10-11 желтоқсан аралығында өтетін Азия чемпионатының финалдық бәсекелерін тамашалайды.