Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

4671

19-желтоқсан, таңертең GGG Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек кезінде поляк боксшысы төрт рет нокдаунға түсіп, жетінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Головкин чемпиондық атағын 21-ші рет сәтті қорғап, аты аңызға айналған америкалық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Ал, Шеремета мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.

Осы кездесуден соң Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты, сондай-ақ қарсыластың аты-жөні де белгілі болды. The Athletic басылымының хабарлауынша, 2021-жылдың көктемінде Головкиннің орта салмақ дәрежесіне өтіп үлгерген экс-чемпион мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Сондай-ақ The Athletic басылымы Мунгияның жалғыз қарсылас емес екендігін де атап өтті. Мексиканың тағы бір өкілі - Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жектің өтуі де ғажап емес.

Бүгін Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек аяқталған соң шетелдік басылымдар кездесуге және боксшыларға қатысты өз пікірлерін жарыса жазуда. Солардың бірі ESPN-нің танымал америкалық журналисті Стив Ким Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді. Ол Головкиннің 38-жаста болғанына қарамастан, әлі де болса мықты екенін ерекше атап өтті.

"Бүгінгі кеште Головкин шабуылдан қорғанысқа және керісінше соққылардың түрленуін жақсы көрсетті. Менің ойымша, Big Bear-ден алыста өткізген бос уақыт пен тынығу GGG-ге пайдалы болған сияқты. 38-жастағы GGG бүгін жас жігітке ұқсады. Тағы да нағыз жекпе-жектерді күтеміз. Головкиннің аяқтары әлі де болса қалпына келмеген. Сондықтан оған ылғи позиция таңдауға тура келеді. Бірақ, техникалық тұрғыдан ол әлі де жойқын. Дегенмен, шеберлігі бәсеңдей бастағандай. Бұл табиғи жағдай. Орта салмақ үшін ол әлі өте мықты боксшы", - деп жазды Ким өзінің твиттерінде.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу