2016-жылы Голубев жұптық өнер көрсетуде "Челленджер" сериясы бойынша өзінің жеке рекордын жаңартып, Аустралияда, Чехияда және Италияда өткен жарыста да жеңімпаз атанды. Жыл басында ол тағы бір қазақстандық теннисші Александр Недовесовпен Бангокта және Францияның Кемперінде өткен сайыстарда бақ сынады. Содан кейін коронавирус пандемиясына байланысты теннис маусымы мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Ал, енді осы аптада маусым қайта жалғасты. Алғашқы жарыстардың бірі Италияның Тоди қаласында "Челленджер" турнирінен басталды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 88,5 мың еуроны құрайды. Аталған турнирде қазақстандық теннисші де сынға түсіп жатыр. Голубев уругвайлық Ариэль Бехермен жұп болып сайысуда. Екі теннисші бейсенбіден жұмаға қараған түні ¼ финалда италиялық Лоренцо Музетти-Джулио Зеппиери жұпатырына қарсы ойнады. Екі сеттің қорытынды есебі 7:5, 7:6.
Жартылай финалда Голубев пен Бехар Польшаның Карол Дзевецкий мен Шимон Валков жұбына қарсы кортқа шықты. Польшалықтар осал қарсылас емес. Олар Уругвайдың Монтерресінде өткен "Челленджерде", жалпы жүлде қоры 108 мың еуроны құрайтын жарыста жеңіске жеткен. Валков пандемияға байланысты маусым аяқталмай тұрып Ұлыбританияда өткен екі турнирге қатысып үлгерді. Дегенмен, ол турнирлердің италиялық "Челленджерге" қарағанда дәрежесі төмен болатын. Жарысқа осындай мықты қарсыластардың келгеніне қарамастан Голубев пен Бехар жұбы турнирдің фавориттері екенін дәлелдеді. Польшалық жұпқа қарсы кездесуде олар алғашқы сетте екі гейм ғана жіберіп алғандарымен, Голубев пен Бехар 27 минутта есепті 6:2 дейін жеткізіп, қарсыластарын ойсырата ұтты. Екінші сет алғашқыға қарағанда ұзаққа созылды. Дегенмен қазақстандық пен уругвайлық теннисшілер жұбы есепті 6:4-ке дейін жеткізіп, тағы да жеңіске жетті.
Ал, бүгін 22-тамыз күні финалда Голубев пен Бехар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да Франция теннисшілері Хьюго Гастон мен Эллиот Беншетриге қарсы ойнайды.
Ермұхамед Мәулен