Гонгконгтағы ереуілдер аймақ экономикасын шығынға батыруда

2615

Шілденің басынан бері Гонконг нарығы $600 млрд доллар жоғалтқан.

Гонгконгтағы ереуілдер аймақ экономикасын шығынға батыруда

Гонконгтағы ереуілдер онсыз да АҚШ-Қытай сауда соғысының зардабын тартқан аймақ экономикасына кері әсерін тигізіп отыр.Бейбіт шерулер күннен күнге өршіп, наразылық күші қарқын алуда.

Полицейлер шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолдана бастағалы, әуелі бөлшек сауда мен туризм соққы алды. Ал көтерілісшілер әуежайда бас көтергенде, Cathay Pacific Airways және өзге де әуе компаниялары жүздеген рейстерін кейінге шегеріп, шығынға батты.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, шілденің басынан бері Гонконг нарығы $600 млрд доллар жоғалтқан. Сарапшылар енді жылжымайтын мүлік бағасының күрт арзандауынан қауіптеніп отыр. Жалпы ішкі өнім болса, екінші тоқсанда небәрі 0,6 пайызға өскен. 

Қақтығыс күшейген сайын акциялар құлдырай бастады. Экономистер мұның соңы рецессияға әкеліп соғуы мүмкін деп отыр. Алайда аймақ билігі экономиканы қолдау шараларын қабылдауға уәде етті. Гонконг люкс тауарлардың ең үлкен нарығы саналады. Алайда Richemont пен Swatch Group сынды швейцарлық сағат шығарушы алыптар брендтер сатылымы бәсеңдегенін хабарлаған. InterContinental Hotels Group туристердің азайғанын айтып отыр. Тұрғын үй нарығы қазір қалыпты болғанымен, мамандардың алдағы уақытқа болжамдары мәз емес. Қаланың "Кай так" атты ең қымбат ауданындағы үйлер соңғы 2 жылда болмаған ең арзан бағамен сатылып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу