Google Maps АҚШ аумағында Онтарио көлін енді "Америка көлі" деп көрсетеді

199

Бұл көл жүздеген жыл бойы Онтарио деп аталады.  

Google Maps АҚШ аумағында Онтарио көлін енді "Америка көлі" деп көрсетеді Фото: BILD

Google Maps Дональд Трамптың тиісті жарлығынан кейін АҚШ-тағы қолданушыларға Lake Ontario атауының орнына Lake America деп көрсете бастады. Канададағы қолданушылар үшін бұл көл бұрынғыша Lake Ontario деп аталады, ал басқа елдерде Google екі нұсқаны да қатар көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Трамп өткен аптада АҚШ пен Канада арасындағы сауда дауы ушыққан тұста көлдің атауын өзгертуге бұйрық берген болатын. Онтарио – АҚШ-Канада шекарасы өтетін бес Ұлы көлдің бірі. Бұған дейін де Google АҚШ пайдаланушылары үшін Мексика шығанағын "Америка шығанағы" деп өзгерткенде осыған ұқсас шешім қабылдаған.

Онтарио провинциясының премьері Даг Форд Дональд Трамптың бұл шешіміне байланысты пікір білдірді. 

"Оны ешкім Америка көлі деп атамайды. Жүздеген жыл бойы бұл Онтарио көлі болды және солай болып қала береді", – деді ол.

Бұл жайт Вашингтон мен Оттава арасындағы текетірестің кезекті бір көрінісі болды. Бұған дейін тараптар өзара баж салығын енгізген болатын. Өз кезегінде Даг Форд тараптардың келісімге келетініне үмітті екенін жасырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу