Гранаткин турнирінде қазақ жастары жақсы ойын көрсетіп келеді

2101

Ресейдің Сан-Петербор қаласында 8 қаңтарда басталған турнирге 16 команда қатысып жатқаны белгілі. Олардың арасында 19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрама командасы да бар.

Гранаткин турнирінде қазақ жастары жақсы ойын көрсетіп келеді

19 жасқа дейінгі деп аталғаны болмаса, біздің құрамада ылғи 16-17 жасар футболшылар ойнап жүр. Жас айырмашылығына қарамастан Қазақстан жеткіншектері өздерінен бір бас жоғары ойнайтын қарсыластарына тәп-тәуір тойтарыс беріп отыр. Өткен алғашқы ойында Словакиялық командамен ұпай бөліскенін айтқанбыз. Матч тартысты өтіп, 0-0 есебімен тең аяқталған болатын. Енді, міне, екінші ойынын Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізіп, жанкүйерлерді тағы бір қуантып тастады.

Кездесудің 17-минутында біздің 22-нөмірлі ойыншымыз Пайруз Жанәлі шабуылшымыз 9-нөмірлі Еркебұлан Сейдахметке әдемі пас шығарып берді, ал Сейдахмет сол жақ қапталдан әзірбайжандық бірнеше қоғаушыны алдап өтіп, айып алаңына кіргенде, қарсылас қорғаушы Сейлигли Гусеин біздің шабуылшыны шалып тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде бас төреші Василий Тихонов пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын біздің үздік қорғаушыларымыздың бірі, 15-нөмірлі команда капитаны Кашкен Дінмұхаммед әдемі орындап, есеп ашты (1-0). Қазақстан алда!

Алайда бірінші таймның соңында Әзірбайжан құрамасы есепті теңестіру үшін бүкіл команда болып шабуылға шығып, біздің ойыншыларды өз айып алаңымызға қарай ығыстырып тастады. 45-минутта сондай сәттердің бірінде 22-нөмірлі жартылай қорғаушымыз Пайруз Жанәлі қателесіп, әзірбайжандықтардың команда капитаны 7-нөмірлі Фарид Нәбиев оң қапталдан қиғаштап тепті. Бұл допты қақпашымыз Даниил Устименко секіріп қайтарды, бірақ қақпамыздың маңында торуылдап жүрген 18-нөмірлі жартылай қорғаушы Рафаэль Магеррамлы голкипер Устименконың қайтарған добын оп-оңай қақпаға сала салды. Сөйтіп командалар 1-1 есебімен тең түсіп, үзіліске шықты.

Екінші таймда қазақтар мен әзірбайжандар кезек-кезек шабуылдаумен болды. 53-минутта біздің жігіттер жан-жақтан шабуылдап, қарсыласты өз айып алаңынан шығармады. Осылайша бұрыштама добын шығаруға мүмкіндік алдық. Алайда біздің ойыншылар бұрыштама добын шығармай, өзара паспен ойынға қосты.

Осы сәтте жартылай қорғаушымыз Гаврил Кан айып алаңына әдемі пас асырды. Ал ол жерде бәрінен биік секірген шабуылшымыз Еркебұлан Сейдахмет баспен керемет гол соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы 2-1 есебімен қайтадан алға шықты.

Бұл матчта жеңіс қолда тұрған болатын, алайда ойынның аяғына таман жігіттер аздап шаршап қалғандай көрінді. Осыны оңтайлы пайдалана білген әзірбайжандықтар 82-минутта есепті тағы да теңестіріп кетті. Бұл жолы көзге түскен тағы да команда капитаны Фарид Нәбиев. Еркебұлан Сейдахметте қақпашымен бірге-бір шығып гол соғуға жақсы бір мүмкіндік болған, алайда допқа қақпашы Мурад Попов бірінші жетіп, командасын голдан құтқарып қалды.

Бас төреші қосымша 3 минут қосқанымен, қос команда да жеңіс голын соға алмады (2-2).

Матч соңында екі команданың үздік ойыншылары болып Қазақстан құрамасынан Еркебұлан Сейдахмет және Әзірбайжанның команда капитаны Фарид Нәбиев танылды.

Біздің топтағы тағы бір матч Литва мен Словакия арасында өтіп, есеп ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебімен тең тарасты.

"С" тобы

командалар

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп айырмасы

ұпай

1

Литва

2

1

1

0

2-1 (+1)

4

2

Қазақстан

2

0

2

0

2-2 (0)

2

3

Словакия

2

0

2

0

0-0 (0)

2

4

Әзірбайжан

2

0

1

1

3-4 (-1)

1

Қазақстан жастары өз тобындағы соңғы ойынын 13 қаңтарда Литвамен өткізеді. Бұл ойында біздің жігіттерге келесі кезеңге өту үшін жеңу қажет, өйткені тең ойын кепілдік бермейді. Егер Словакия Әзірбайжанды жеңіп кетсе, жағдайымыз қиындайды. Әзірбайжан жеңетін болса да осындай жағдай күтіп тұр, сондықтан соңғы тур бар мәселені шешпек. Қазақ жастарына тек жеңіс тілейміз! Ал басқа топтағы ойындардың нәтижесі және турнир кестесіндегі жағдай мынадай:

"А" тобы: Эстония – Грекия (0:4) Болгария – Тәжікстан (1:0)

командалар

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп айырмасы

ұпай

1

 Болгария

2

1

1

0

 1-0 (+1)

4

2

 Тәжікстан

2

1

0

1

 1-1 (0)

3

3

 Грекия

2

1

0

1

 4-1(+3)

3

4

 Эстония

2

0

1

1

 0-4 (-4)

1

"В" тобы: Үндістан – Беларусь (1:0) Ресей – Латвия (1:0)

командалар

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп айырмасы

ұпай

1

 Ресей

2

2

0

0

 9-0(+9)

6

2

 Үндістан

2

1

0

1

 1-8(-7)

3

3

 Беларусь

2

0

1

1

 2-3(-1)

1

4

 Латвия

2

0

1

1

 2-3(-1)

1

"D" тобы: Иран-Словения (1:1) Сан-Петербор-Молдова (3:0)

командалар

ойын

жеңіс

тең

жеңіліс

доп айырмасы

ұпай

1

Сан- Петербор

2

2

0

0

 5-1(+4)

6

2

Словения

2

0

2

0

 1-1(0)

2

3

Иран

2

0

1

1

 2-3(-1)

1

4

Молдова

2

0

1

1

 0-3(-3)

1

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу