Грек-рим күресінен Азия чемпионатының жеребесі тартылды

384

Алдын ала белдесулер Астана уақытымен 13:30-да, финалдық белдесулер сағат 20:00-де басталады.

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының жеребесі тартылды Фото: olympic.kz

Ертең, 25 наурыз Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады.

Жеребе нәтижесі:

55 кг, іріктеу: Ербол Камалиев - Мұстафа Сұлтан Алхаде (Иордания)
60 кг, іріктеу: Бақытжан Қабдыл - Каито Инаба (Жапония)
63 кг, іріктеу: Сұлтан Әсетұлы - Умеш (Үндістан)
67 кг, іріктеу: Мейіржан Шермахамбет - Мин Сун Квон (Оңтүстік Корея)
72 кг: Әділхан Сатоев - Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан)
77 кг: Ибраһим Магомадов - Довон Ли (Оңтүстік Корея)
82 кг: Омар Сатаев - Босён Кан (Оңтүстік Корея)
87 кг: Шамиль Ожаев - Асан Жанышев (Қырғызстан)
97 кг: Ілияс Гучигов - Нитеш (Үндістан)
130 кг, ширек финал: Әлімхан Сыздықов - Прем (Үндістан)/ Әли Талиб Әл-Шарии (Ирак)

Айта кетейік, ертең бозкілемге 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағы палуандар шығып, күреседі. Ал одан кейін 60, 67, 72, 82 мен 97 кг салмақтағы спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу