Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде чемпион атанды.
Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды.
72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу