Грекияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

120

Грекияның Ежелгі Олимпия қаласында 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті.

Грекияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ойындардың ең маңызды рәсімдерінің бірі Гера ғибадатханасында емес, археологиялық музейдің ішкі бөлмесінде өткізілді. Абыз әйел рөлін тағы да актриса Мэри Мина атқарды.

Салтанатты шараға Грекия президенті Константинос Тасулас, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Кирсти Ковентри, 2026 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің президенті Джованни Малаго және басқа да меймандар қатысты.

Алғашқы алау ұстаушы 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Петрос Гайдацис болды.

Грекиядағы кезеңнен кейін алау 4 желтоқсанда Римге жеткізіледі. Италия аумағында эстафета елдің барлық 110 провинциясынан өтіп, 6 ақпанға дейін жалғасады. Соңғы нүкте Миландағы "Сан-Сиро" стадионы болмақ. Онда 2026 жылғы Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу