Копенгагенде шеруге шамамен 20 мың адам, ал Гренландияның астанасы Нуукта 5 мыңға жуық тұрғын қатысты.
Наразылар "Гренландия сатылмайды" және "Гренландиядан қолыңды тарт" деген ұрандар көтеріп, аралдың егемендігі мен өзін-өзі басқару құқығын қорғады.
"Біз Дат корольдігіне және Гренландияның өзін-өзі анықтау құқығына құрмет көрсетуді талап етеміз", – деді Гренландиялық қауымдастықтарды біріктіретін Inuit ұйымының басшысы Камилла Сизинг.
Бұған дейін Дональд Трамп Гренландияны өз бақылауына алу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Ол Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін қажет деп санайды және өзінің жоспарына қарсы шыққан Еуропа елдерінен келетін тауарларға баж салығын енгізетінін айтты.
1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндиядан келетін тауарларға 10 пайыздық баж салынады.
Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап баж мөлшерін 25%-ға дейін көтеретінін және бұл АҚШ Гренландияны толық сатып алуға келісімге қол жеткізгенше сақталатынын ескертті.