Григорий Бабаян: "Абаттың голын неге есепке алмағанын түсінбедім"

957

Елордалық команданың бас бапкері "Астана" - "Ақсу" арасындағы матчтағы төрешінің шешіміне көңілі томайтынын айтты.

Григорий Бабаян: "Абаттың голын неге есепке алмағанын түсінбедім"

Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұрған "Астана" аутсайдер команда "Ақсуды" 1:0 есебімен жеңді. Гол авторы Марин Томасов. Үш ұпайға қол жеткізген "Астана" бәсекелестерінен алға озды.

Матч аяқталған соң "Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян "Ақсуға" қарсы ойынды қорытындылады.

- Менің ойымша, матчтың 15-минутына қарай 2-3 гол соғуымыз керек еді, мүмкіндіктер көп болды. Абат гол соқты. Неге есепке алынбағанын білмеймін,  қолмен ойнағанын көрмедік. Біз бейнежазбаны әртүрлі қырынан қарадық, түсініксіз болды. Жалпы, бірінші таймда Абат, Марин және Фабьеннің мүмкіндіктері көп болды. Бір гол соққанымыз жақсы болды. Екінші таймда біз 15-20 минут бойы қарқынды ойнадық. Содан кейін ойыншыларымыздың шаршағаны анық. Әсіресе біздің қорғаушылар ауыспағандықтан, оларға қиынға соқты. Жарақатына байланысты ротация жеткіліксіз болды. Соңғы 15 минутта бізге аздап күш жетіспеді. Қарсыласқа көп мүмкіндік бердік. Бірақ, ең бастысы маңызды үш ұпайды алдық. Енді алда чемпионатта үзіліс. Төрт күннен кейін Шымкентте кубоктағы ойын болады. Демалуға уақыт жоқ, матчқа дайындалу керек.

- "Астанаға" матч бойы қарқынын сақтап қалуға не кедергі болды? Ойыншылар шаршаған ба?

- Иә, шаршау. Біз қатарынан көп ойын ойнадық. Сондықтан қиын болды. Соңғы 10 минутта команда баяу қимылдады. 5 ойыншы алмастырды. Алайда өзгеріс болмады. Біз айып алаңында байыпты ойнауымыз керек. Бірінші таймда есеп 2:0 немесе 3:0 болса, матч осы уақытқа дейін біткен болар еді. Бірақ нәтижені өзгерту мүмкін емес. Бұдан да көп жұмыс жасау керек. Бұл футбол.

– Бірінші таймда "Астана" мен "Ақсу" әртүрлі лигаларда ойнайтындай көрінді...

- Ақсу барын салды. Әртүрлі лига деп айтпас едім. Мен Вахид Юнусұлын қатты құрметтеймін, ол менің әріптесім. Ол жеңіс үшін таласқа түсе алатын команды. Әр клуб өзінің турнирлік мәселелерін шешеді. Мұнда ең бастысы тек гол соғу керек еді. Біз бір лигада ойнаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу