Григорий Бабаян: "Алға қойған мақсатты орындап, жанкүйерлерімізді қуантуға дайынбыз"

701

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян "Динамоға" қарсы қарымта ойын алдында баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 Григорий Бабаян: "Алға қойған мақсатты орындап, жанкүйерлерімізді қуантуға дайынбыз"

- Бірінші ойыннан кейін қарсыласымызды жақсы түсіндік. Бізде өз алаңымызда сияқты қолдау болмайды. Бірінші матчты талдап, біраз жұмыс жасадық. Дұрыс қорытынды шығардық. Ертеңгі ойынға дайынбыз. Алға қойған мақсатты орындап, жанкүйерлерімізді қуантуға дайынбыз.

- Командаға жаңа ойыншылар қосылды - Марочкин, Лонкар және Томашевич. Олар ертең алаңға шыға ма?

- "Құрамда міндетті түрде өзгерістер болады. Кім ойнай алатынын көру үшін бізде тағы бір жаттығу болады.

 - "Динамоның" қандай артықшылығы бар? Ал "Астана" ертең қалай ойнайды – қорғаныста ма, әлде шабуылда ма?

- Бірінші матч көрсеткендей, теңгерімді ойнау керек. Біз қапталдар арқылы және орталық арқылы ойнадық. Гол соғуға мүмкіндіктер жасадық. Бірақ алғашқы 15 минутта "Динамо" басымдыққа ие болды. Ең бастысы, доп "Динамода" болғанда қалай қорғанатынымыз. Барлық кезеңде дұрыс жұмыс істеуіміз керек.

- Алаңда кім көп барын салады деп ойлайсыз? Менің ойымша, Марин Томасов. Ол өз үйіне Хорватияға қайта бару мүмкіндігіне ие болу үшін (ескерту – келесі кезеңге өткен жағдайда "Астана" Загребтің "Динамосымен" ойнайды) барын салатын болады.

- Бұл туралы үнемі айтамыз. Ең бастысы, біз команданы алаңда көреміз. Барлығы жарияланады. 1 ойыншының өзі барын салмаса, одан бүкіл команда зардап шегеді. Барлығының бірге болуы маңызды.

– Бірінші ойын алдында мүмкіндіктер 50/50 деп айттыңыз. Қазір бұл пікіріңіз өзгерді ме?

- Менің ойымша, қарымта ойынға дейін мүмкіндіктер өзгермейді – 50/50 Дегенмен, алаң иелеріне жанкүйерлер қолдау көрсетіп, басымдыққа ие болады. Бірақ бәрі алаңда шешіледі.

- Топтық кезеңге өткені үшін, әрбір іріктеу кезеңі үшін және Тбилисидің "Динамосын" жеңгені үшін қосымша сыйақылар бар ма?

– Топтық кезеңге өткені үшін және жеке матчтар үшін қосыша сыйақы бар. Бірақ Тбилисидің "Динамосын" жеңгені үшін бөлек бонустар жоқ.

- Өздеріңіз білесіздер, футболда ұсақ-түйек деген болмайды. Өткен жылы логистикаға байланысты мәселелер болды. Сондай-ақ, "Астана" өз деңгейіне сәйкес келмейтін қонақүйлерге орналасты. Қазір осындай мәселелер бар ма?

- Бірінші матчтың алдында ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір мәселелер болды. Олар мұндай деңгейдегі клубта болмауы керек. Ақыры біз оларды шеше алмадық. Бірақ қазір бұл туралы айтпаймын. Қазір бізде барлығына оң көзқарас, жақсы қонақүй, сапалы алаң бар. Бар ойымыз ертеңгі ойында.

Ойын Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионының алаңында өтеді. Кездесу 19 шілдеде Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесу Астанада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу