Григорий Бабаян: "Астанадағы нәтижені қайталағымыз келмейді"

612

"Лудогорецпен" өткен алғашқы ойында "Астана" өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Григорий Бабаян: "Астанадағы нәтижені қайталағымыз келмейді" Фото: fcastana.kz

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында "Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Лудогорецке" қарсы қарымта ойыны туралы айтты.

- Біз үшін аз қателік жіберіп, Астанадағы бірінші матчтағы қателерді қайталамау маңызды. Бұл алға қойған мақсатқа жету үшін өте маңызды. Мұның барлығы ертең 200 пайызға орындалуы тиіс. Біз "Лудогорецті" құрметтейміз. Бірақ біз өз футболымызды көрсеткіміз келеді. Қалай болғанда да Астанадағы нәтижені қайталағымыз келмейді.

– Команда нәтиже көрсету үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Біз бұл үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ертең мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Сырт алаңда мұндай командаға қарсы гол соғудың қаншалықты маңызды екенін білеміз.

– Станимир Стойловпен ұзақ уақыт бірге жұмыс жасағаныңызды білеміз. Ол матчқа келеді деген болатын. Ол кісіден қандай да бір ұсыныстар болды ма?

- Баспасөз мәслихатына келер алдында мен онымен кездестім. Ол біздің қонақүйге келді. Бірақ сөйлесуге уақыт болмады, тек амандастық. Станимир – үлкен тәжірибесі бар бапкер. Кеңес берсе, әрине, құптаймыз. Ол "Астананы" қатты жақсы көреді, "Астана" да оны жақсы көреді.

 

- Ол "Астанаға" жанкүйерлік ете ме, әлде "Лудогорецке" ме?

- Мен онымен бұл тақырыпта сөйлескен жоқпын, бірақ ол біздің қонақүйге келді (күліп).

- Команда пенальти сериясына дайындалып жатыр ма?

- Менің ойымша, біз де, "Лудогорец" те пенальти сериясына дейін жеткізгіміз келмейді. Пенальти - бұл лотерея. Бірақ, егер пенальти болса, онда команда дайын.

- Загребтің "Динамосына" қарсы матчта ойыншылардың тайып кетіп, допты ойда жоқта жоғалтып алған сәттері болды. Осы мәселеге байланысты ойыншыларды табиғи алаңда жаттықтырдыңыз ба?

"Біз бұл туралы командамен сөйлестік. Қазақстанда мұндай алаңдар жоқ, ойыншылардың мұндай алаңда ойнау шеберлігі де жоқ. Кеше жігіттерге "Динамоға" қарсы ойыннан он шақты мәрте құлаған бейне үзінділер көрсетілді. Жігіттер қателіктерін түзетеді деп сенемін. Олар дұрыс аяқ киім сатып алды.

- Неліктен туристік Варна қаласында емес, Разградта қалуды жөн санадыңыз?

– Өйткені бұл туристік қала, халқы көп. Оның үстіне жолға көп күш жұмсалады. Тәуекел етуге құқығымыз жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, матч бүгін, 17 тамыздан 18 тамызға қараған түні елорда уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу