Григорий Бабаян: "Басты міндетіміз – Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу"

810

"Партизани" мен "Астана" арасындағы ойын бүгін, 31 тамызда өтеді.

Григорий Бабаян: "Басты міндетіміз – Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу" Фото: fcastana.kz

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян "Партизаниге" қарсы өтетін ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

- Әрине, өте қиын матч күтіп тұр. Бізде басымдық бар екенін түсінеміз. Бірақ, алғашқы минуттардан көбірек ұйымдасқан футбол кқрсетіп, тәртіп бұзбай, ойынға қарқын қосқымыз келеді. Бірінші матчтың есебін қалай сақтап қалуды ғана ойласақ, одан ештеңе шықпайды. Жігіттер мұны біледі және бір оймен шығуымыз керек: есеп 0:0, біздің басты міндетіміз топтық кезеңге шығу. Бұл туралы жігіттермен сөйлестік және тапсырманы орындау үшін бәрін жасауға тырысамыз.

- Матч қосымша уақытқа ұласып жатса, қаншалықты дайынсыз? Әлде барлығы 90 минутта аяқталады деп ойлайсыз ба?

- Біз кез келген сценарийге дайынбыз. Дегенмен, бұлай болмайды деп үміттенеміз. Мұндай жағдай орын алса, әрине, дайын болуымыз керек.

- "Қайратпен" болған кездесуде екінші құраммен ойнадыңыздар. Бұл қарымта матч алдында  арнайы жоспарланды ма?

- Бізде қатарынан көп ойындар болды, ұзақ жол. Осы себептерге байланысты "Партизаниге" қарсы бірінші матчқа қатыспағандар Алматыда ойнады. Бұл екінші құрам деп айта алмаймын. Тек бірінші ойында ойнай алмағандар шықты. Ал бүгінгі матчқа жігіттердің барлығы дайындалып жатыр.

- Команда "Партизаниді" жеңе алмаса, бұл сіз үшін сәтсіздік деп ойлайсыз ба?

- Әрине, жеңіске жеткіміз келеді және сол үшін бәрін жасаймыз. Жеңіліс туралы тіпті ойымызда жоқ. Басты міндетіміз – Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу.

- "Партизанимен" өткен бірінші ойында қарсылас команданың осал тұстарын байқай алдыңыз ба?

- Бiрiншi матчты жақсылап талдадық. Команданың мықты тұстарын да, кемшiлiктерiн де бiлдiк. Бұл командамен ешқандай жағдайда босаңсуға болмайтынын, қарсыласты төмен бағаламау керек екенін түсінеміз. Жоғары жақсы уйымдасқан сапалы ойыншылар бар. Ертең біз 100 пайыз өз ойынымызды көрсету керекпіз. Бұл өте маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу