Григорий Бабаян: "Біз басшылықпен сөйлесіп, сапалы ойыншы іздеп жатырмыз"

881

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Суперкубогы үшін тартыста "Ордабасыға" қарсы өткен жеңісті матчтың қорытындысы туралы әңгімеледі.

Григорий Бабаян: "Біз басшылықпен сөйлесіп, сапалы ойыншы іздеп жатырмыз"

- Ең алдымен, барша жанкүйерлерді маусымның басталуымен тағы да құттықтағым келеді! Суперкубок үшін күресте бастапқыда толқыныс та болды. Жалпы, бірінші тайм мен екінші таймның 15 минутындағы  команданың ойыны ұнады. Гол жіберіп алған кезде қателіктер болды. Бірақ бұл біздің алғашқы ресми матчымыз болғандықтан, жаман емес. Соңғы 30 минутта қарсыласымыз ойынды толықтай бақылауға алды. Біз қайта ойынды өзгертуге тырыстық. Дегенмен соңғы жарты сағат нашар ойнадық. Егер матчты тұтастай бағалайтын болсақ, онда біз жеңіске көбірек лайық болдық және барлық жанкүйерлерімізді 2023 жылғы алғашқы кубокпен құттықтаймын!

- Жаңадан келген ойыншылардың голдары командаға жеңіс сыйлады. Осы қыста келген футболшылардың ойыны туралы не айта аласыз?

- Мен әдетте бүкіл команданы бағалаймын. Тек бір нәрсені нақты айта аламын, ойыншылар барлық кезеңдерде жетілу керек, өйткені кейде алаңда шаршап қаламыз. Біз үлкен мәселелерді шешкіміз келеді. Еурокубок ойындарына да аз уақыт қалды. Тепе-теңдік пен ұйымшылдық болуы керек.

- Томасовтың матчтың нәтижесін шешуге болатын сәттері болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Бұл оның жасына ма, әлде бабына байланысты ма?

- Ол жыл сайын үздік бомбардир, үздік ассистент. Бірінші таймда қапталда Оганесянмен бір-бірін жақсы түсініп отырды. Ал екінші таймда мәселелер пайда болды. Мұның бәрі оның жасына байланысты емес. Кейбір сәттерде ол басқаша әрекет етуі керек еді. Оған менің де көңілім толған жоқ. Бірақ оның алаңда болуы командаға үлкен көмек. Оның қалай жұмыс істейтіні туралы ешқандай сұрақ жоқ. Дегенмен оны ойында көбірек көргім келеді.

- Дарбо ойынға қосыла алмаған сияқты... Абат Айымбетовты алаңға сәл ертерек шығаруды ойламадыңыз ба?

- Иә, менде ондай ойлар болды. Соңғы 10-15 минутта мен Дарбоның бәсеңдеп қалғанын көрдім. Бірақ "Ордабасының" құрамында ұзын бойлы ойыншылар болғандықтан және әр ойыншыны ауыстырған сайын бойлары ұзын футболшылар қақпа маңында бір топ болды. Ұзын бойлы ойыншыларды алаңда қалдыруға тура келді. Сондықтан бастарымен жақсы ойнайтын және ұзын бойлы ойыншыларды қалдырдым. Міне, жағдай бізді осылай жасауға мәжбүр етті.

Мен Дарбо ойынға қосыла алмады деп айтпас едім. Ол командаға жаңадан келген және бұл бірінші ресми ойын. Осының барлығын ескерер болсақ, өте жақсы ойын болды деуге болады.

- Орталық қорғаушы туралы жаңалықтар бар ма?

- Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Бізде ойыншылар тапшылығы бар. Мен бұған дейін бізге қорғаушы керек деп айтқанмын. Әрқашан тепе-теңдік болуы керек. Әйтпесе күрделі мәселелерді шеше алмайсыз. Біз басшылықпен сөйлесіп, сапалы ойыншы іздеп жатырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу