Қостанайлық "Тобыл" Премьер-лиганың 11-турында "Таразбен" ұпай бөлісті. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 0-0 есебімен аяқталды. Командалар қанша тырысқанымен, гол соға алмады. "Тараз" өткен турда "Каспийді" 2-0 есебімен жеңген еді. Ал "Тобыл" "Оқжетпесті" минималды есеппен жеңді. Кезекті ұпайына қол жеткізген "Тараз" турнирлік кестеде 11 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады. Ал Қостанайлық ұжым 17 ұпаймен төртінші орында тұр.
Осы матчқа байланысты "Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян өз пікірімен бөлісті.
"Біз жақсы ойнадық деп айта алмаймын. Өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. "Тараз" қарсы шабуылдарда және стандартты жағдайларда өте жақсы ойнайды. Стандарттарды біз толықтай орындадық, бірақ қателіктерімізге байланысты екі қарсы шабуылды жіберіп алдық. Қорғаныста біздің команда өте нашар ойнады.
Әрине, мен тең нәтижеге риза емеспін және біз әр матч сайын ойынды жақсартуымыз керек. Енді әрі қарай жұмыс жасауымыз керек. Малыйға келер болсақ, оның жеңіл жарақаты бар. Ол келесі кездесуге дайын болады деп ойлаймын", - деді бас бапкер "Тобыл" клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ермұхамед Мәулен