Григорий Бабаян: "Қызыл-Жарға барып, мектеп стадионында ойнадық"

772

Бүгін, 2 тамыз "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Загребтік "Динамомен" қарымта ойын өткізеді.

Григорий Бабаян: "Қызыл-Жарға барып, мектеп стадионында ойнадық"

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі Загребтің "Динамосына" қарсы өтетін жауапты ойынға қатысты пікір білдірді. Алғашқы ойында хорватиялық клуб 4:0 есебімен ірі жеңіске жеткен болатын.

- Нәтиже жағынан қиын матч болды, ал ойын тұрғысынан онша жақсы болмады. Біз жігіттерге футболда кейде біз қалаған нәтиже болмайтын түсіндірдік. Жан-жақтан белгілі бір қысым болған кезде психологиялық тұрғыдан өте қиын болуы мүмкін және біз бәріне төтеп беруіміз керек. Қазір дәл осындай сәт. Команда үшін бәрін қойып, өте салмақты қарсыласпен кездесуге дайындалу керек. Біз үшін жанкүйерлердің ойыннан кейін жақсы көңіл-күймен кетуі маңызды. Бұл ең маңызды нәрсе, және біз мұны жасауға тырысамыз.

- Футбол тарихында клубтардың 4:0 есебімен ойнаған сәттері есте қалған. Мысалы, ПСЖ – Барселона матчы. Бірақ біз командалардың шамамен тең дәрежеде болғанын түсінеміз. Ұлттық құраманың бапкері Магомед Адиев айтқандай, тек ойыннан ләззат алу үшін ойнау ойда бар ма?

- Өте дұрыс айтасыз, ұжыммен осы туралы сөйлестік. Ойыннан кейін жанкүйерлеріміз ойынға риза болатындай етіп ойнауымыз керек. Алты гол соғамыз деп айта алмаймын, бірақ біз үшін сапалы футбол көрсету маңызды. Енді ең бастысы жанкүйерлерді қуантып, шын жүректен ойнау.

Команда екі фронтта ойнауға дайын, өйткені чемпионатта ұпай жоғалтулар да бар.

- Команда екі жақта ойнап жатыр. Чемпионатта ұпай жоғалтуда. Бұл туралы не айта аласыз?

- Бұл қалыпты жағдай. Барлығы ұпай жоғалтады. Загребте ойнап, ертеңіне "Қызыл-Жармен" ойынға ұшқандықтан футболшыдардың қайта бабына келуі қиынға соқты. Психологиялық тұрғыдан да оңай емес. Көптеген ойыншыларға тәжірибе жетіспейді. Дайындалу қиын. Қызыл-Жарға барып, мектеп стадионында ойнадық. Ол жерде бетон үстіне көгал төселген болатын.

"Астана" "Динамо" арасындағы кездесу "Астана-Арена" стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу