Грузия тарихында қысқы Олимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды

126

Бұған дейін грузиялық спортшылар тек жазғы Олимпиада ойындарында ғана жүлде алған еді.

Грузия тарихында қысқы Олимпиадада алғашқы медалін жеңіп алды Фото: oxu.az

Грузиялық мәнерлеп сырғанаушылар жұбы Анастасия Метёлкина мен Лука Берулава Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында жұптық сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды.

Қысқа бағдарламада Метёлкина мен Берулава 75,46 ұпай жинаса, еркін бағдарламада 146,29 ұпай еншіледі. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 221,75 ұпаймен грузин дуэті 2-орынға тұрақтады.

Олар тек жапониялық Рику Миура мен Рюити Кихараға (231,24) жол берді. Миура мен Кихара еркін бағдарламада әлемдік рекорд жаңартып, 158,13 ұпай жинады. Жапониялық жұп 2022 жылғы Еуропа чемпионатында ресейлік Анастасия Мишина мен Александр Галлямов көрсеткен 157,46 ұпай нәтижесін артта қалдырды.

Қола жүлде неміс спортшылары Минерва Фабьенне Хазе мен Никита Володинге (219,09) бұйырды.

Айта кетейік, Анастасия Метёлкина мен Лука Берулаваның күмісі – Грузия тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы медаль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу