Грузияға жаңа санкциялар қаупі төнді: Еуроодақ қаңтарда шешім қабылдамақ

306

Бұл туралы Euronews жазды.

Грузияға жаңа санкциялар қаупі төнді: Еуроодақ қаңтарда шешім қабылдамақ Фото: mediabrest.by

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері келесі жылғы қаңтар айында Грузияға қарсы жаңа шаралар бойынша талқылау өткізеді. Бұл туралы сәрсенбі күні ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кая Каллас айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті мәлімдеме Еуропалық комиссияның кандидат елдердің өркендеуі туралы жыл сайынғы есептерін жариялау аясында айтылды. Грузияға қатысты бөлімде демократияның одан әрі әлсірегені, азаматтық қоғамға қатысты жаңа шектеулер қойылғаны және негізгі құқықтар саласындағы ахуалдың нашарлағаны көрсетілген.

"Грузия үкіметі демократиялық шегіністердің кесірінен Еуропалық одақпен тікелей текетіреске қарай бет алып барады. Бұл – айдан анық нәрсе. Қазіргі жасалып жатқан қадамдар дұрыс бағытта емес", – деді Кая Каллас.

Каллас Euronews тілшісінің "Грузия үкіметіне қарсы жаңа санкциялар ұсынасыз ба?" деген сұрағына берген жауабында бұл туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді. 

2024 жылғы қарашада комиссия есептерінің бірінде сот жүйесінен бастап БАҚ бостандығына дейінгі салаларда демократияның айтарлықтай нашарлағаны тіркелген. Кейін Тбилиси 2028 жылдың соңына дейін ЕО-ға мүше болу туралы келіссөздерді бастауға ұмтылмайтынын біржақты мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу