Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінің күміс жүлдегері атанды

434

Астанада өтіп жатқан беделді дзюдо турнирінде еліміздің дзюдошылары бірнеше медаль жеңіп алғанымен, әзірге алтын жүлде бұйырмай тұр.

Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінің күміс жүлдегері атанды

Финалда күрескен екінші қазақстандық, 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта  ресейлік спортшы Рамазан Абдуллаевқа жол берді. 

Grand Slam – Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіндегі ең беделді жарыстар сериясы. Биыл мұндай турнирлер Астанамен қатар Париж, Баку, Ташкент, Тбилиси және Антальяда өтеді.

Осылайша әзірге ел қоржынында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаевтың (66 кг)күміс, Мағжан Шамшадин (66 кг) мен Аман Бақытжанның қола жүлделері (66 кг) бар. Турнир 11-мамырға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу