Хосеп Гвардиола 1000-шы ойынын өткізді

209

Гвардиоланың жетекшілігімен өткен 1000 матчта 716 жеңіс, 128 жеңіліс және 156 тең ойын тіркелді. 

Хосеп Гвардиола 1000-шы ойынын өткізді Фото: www.mancity.com

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Пеп Гвардиола бапкерлік мансабындағы 1000-матчтық межесін жарқын жеңіспен атап өтті.

9 қараша, жексенбі күні Манчестердегі "Этихад" стадионында Англия Премьер-лигасының 11-туры аясында матч өтті.

Онда "Манчестер Сити" мен "Ливерпуль" кездесіп, ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

"Қалалықтар" 13-минутта есеп ашатын мүмкіндік алған. Алайда шабуылшы Эрлинг Холанд пенальтиді голға айналдыра алмады. Дегенмен, 29-минутта норвегиялық шабуылшы мергендік танытты. Тайм соңында Нико Гонсалес есепті еселей түсті. Ал 63-минутта Жереми Доку гол соқты. 

Осылайша, Гвардиола шәкірттері "Этихадта" "Ливерпульді" толықтай басымдықпен ұтып, командасы Премьер-лигада "Арсеналдың" ізіне түсіп, 2-орынға көтерілді. Арадағы алшақтық 4 ұпай ғана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу