Хабарландыру сайттарында жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары 3/1-ге азайды

Ал жылжымайтын мүліктің шаршы метрі қымбаттады.

Хабарландыру сайттарында жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары 3/1-ге азайды

OLX.kz хабарландырулар сайтындағы жылжымайтын мүлік сату туралы былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үштен бірге қысқарған. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында зерттеу жасаған сервис сарапшылары осындай қорытындыға келген. Алайда барлық санаттағы шаршы метрдің бағасы орта есеппен 15%-ға өскен.  

Сонымен қатар 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың үш тоқсанында "пәтерлер" категориясы бойынша сату туралы хабарландырулар саны азайып, жалпы елдегі төмендеу 31% болып отыр. Ең аз төмендеу көрсеткен категория "Бөлмелер", яғни бұл категориядағы хабарландырулар 6%-ға төмендеген. Жалпы құлдырау пандемия кезіндегі сатып алу қабілетінің төмендеуімен, азаматтардың экономикалық алаңдаушылығымен және соның салдарынан жылжымайтын мүлік сияқты қаржылық активтен айрылғысы келмейтінімен байланысты болуы мүмкін.

Қазақстанның барлық ірі қаласында  "үйлер", "пәтерлер", "бөлмелер", "жер" және "коммерциялық жылжымайтын мүлік" сияқты барлық категорияның қымбаттағанын көруге болады.  

Әсіресе, тұрғын үй шаршы метрінің ең жоғары өсу динамикасы "үйлер" санаты бойынша Қарағандыда байқалды, яғни  2019 жылмен салыстырғанда 24%-ға өсіп, бір шаршы метр үшін 104 167 теңгеге жеткен. Ең қымбат баспана Нұр-Сұлтан қаласында, елордадағы бір шаршы метр үшін орташа құн 121 429 теңгені құрайды. Ең арзан шаршы метр Өскемен қаласында, 1 шаршы метр құны – 71 429 теңге. Ақтау қаласында  өсу динамикасы байқалмаған, шаршы метрдің орташа бағасы өткен 2019 жылдағыдай 72 917 теңге.

Ал "пәтерлер" және "бөлмелер" категориясына тоқталар болсақ, ең қымбат шаршы метр Алматыда. Сәйкесінше 356 098 теңге және 288 889 теңге, ең арзан пәтерлер –Ақтауда, шаршы метрі үшін 178 571 теңге, Қарағандыда бөлмелер – 139 444 теңге. "Пәтерлер" санаты бойынша шаршы метрге бағаның ең динамикалық өсімі Қарағанды ​​және Шымкент қалаларында тіркелді (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда + 30%). Бір шаршы метрдің ең тұрақты құны Қазақстан астанасындағы "пәтерлер" және "бөлмелер" санаттарына жатады – шаршы метрдің қымбаттауы сәйкесінше тек 5% және 2% құрайды.

"Жер" санатында өсудің ең жоғары динамикасы Шымкент қаласында байқалды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% болды. Сонымен қатар шымкенттіктер үшін жердің 100 шаршы метрі басқаларға қарағанда қымбатқа түседі және 437 500 теңгені құрайды, ал Өскеменнің тұрғындары үшін арзан, 107 143 теңгені құрады.

"Коммерциялық үй-жайлар" санатында ұсыныстардың жалпы 29% -ға төмендеуі және бағалардың өсуі байқалды: оңтүстік астана үшін – 12%, бір шаршы метр үшін орташа құны 115 464 теңгені құраса, астаналықтар үшін – 19%, 1 шаршы метр үшін орташа құны 152 381 теңгені құрады.

Гүлназ Ермағанбетова


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу