Хаби Алонсо: Алматының таулары өте әдемі екен

635

"Реал Мадридтің" бас бапкері Хаби Алонсо Алматыда өткен Чемпиондар лигасының матчын қорытындылап, қазақстандық жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.

Хаби Алонсо: Алматының таулары өте әдемі екен Фото: inbusiness

Ол "Қайраттың" қарқыны мен Алматыдағы атмосфераға жоғары баға берді.

– "Қайрат" Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Бұл Алматы тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін бәріміз көрдік. Бізді тамаша қарсы алды, ерекше атмосфера болды. Қазақстанға бірінші кезекте жұмыс үшін келдік, бірақ мүмкін болса, мұнда көбірек уақыт өткізгенге қуанышты болар едім. Әсіресе таулары өте әдемі екен. Матч басында бізді "Қайраттың" қарқыны таңғалдырды. Кей сәттерде өзімізді жайсыз да сезіндік. Бірақ біздің мақсат айқын болды – жеңіске жету. Чемпиондар лигасын жақсы бастадық: 6 ұпайдың алтауын алдық. Бүгін көп гол соғуға мүмкіндік болды, футболшылар сабырмен ойнап, бәрін жоғары деңгейде орындады. Енді біз үйге оралып, келесі матчқа дайындаламыз", – деді Хаби Алонсо.

Сондай-ақ, ол "Қайратқа" алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, тарихи кездесуде алматылық клуб өз алаңында "Реалдан" 0:5 есебімен жеңілді. "Қайраттың" келесі матчы 21 қазанда Алматыда өтеді – қарсылас Кипрдің "Пафосы". Бұл команда алдыңғы ойында "Бавариядан" 1:5 есебімен ұтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу