Клуб 44 жастағы Хаби Алонсоның орнын 42 жастағы Альваро Арбелоа басатынын жариялады. Ол бір кездері Хаби Алонсомен Испания құрамасында және "Ливерпульде" бірге ойнаған.
Жексенбіде "Реал Мадрид" өзінің басты қарсыласы "Барселонадан" Испания суперкубогінің финалында жеңіліп қалды. Ал чемпионат кестесінде "Барсадан" 4 ұпайға артта қалып, 2-орында тұр.
Жаттықтырушы ретінде ол 2024 жылы Леверкузеннен Германия чемпиондары "Байерді" шығарды. Ал 1 жылдан кейін өткен жазда атақты Карло Анчелоттидің орнына "Реал Мадридтің" бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.
Альваро Арбелоа өткен көктемнен бері "Реал Мадридтің" қосалқы құрамдарын жаттықтырып келеді.