3-6 тамыз аралығында Абай облысы, Семей қаласындағы “Абай Арена” мәдени-спорт кешенінде ересектер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтіп жатыр. Ауқымды жарысқа еліміздің 17 өңірінен келген 400-ге жуық балуан бақ сынайды.
7-10 тамыз аралығында Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында мерейтойға орай ұлттық спорт түрлерінен де республикалық, облыстық деңгейдегі ауқымды жарыстар ұйымдастырылады.
7 тамыз күні Семей–Қарауыл бағыты бойынша жүлде қоры 10 млн-ды құрайтын 180 шақырымдық ультрамарафон өтеді.
Абай ауданы, Қарауылтөбеде 7-10 тамыз күндері ұлттық спорт түрлерінен ауқымды сайыстар өткізіледі:
- Қазақ күресі – түйе,өгіз палуан сайысында бас жүлде автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық;
- Аламан бәйге, топ бәйге, жорға бәйге сайыстарының жеңімпаздарына автокөлік, 2-5 орындарға қаржылай сыйлық;
- Тоғызқұмалақ сайысының жеңімпазына автокөлік, 2-3 орындарға қаржылай сыйлық;
- Тазы жарысы, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату сайыстарының жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу