Halyk Bank БЖЗҚ-ның акционерлер құрамынан неге шыққанын түсіндірді

4444

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) акционерлер құрамынан неге шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Halyk Bank БЖЗҚ-ның акционерлер құрамынан неге шыққанын түсіндірді

"Halyk Bank-тің Лондон қор биржасында жұмыс істеп жатқанына 15 жылдан асты. Бізде 100-ден аса институционалды инвестор бар, әрі жергілікті инвесторлардың үлесі артуда. Өткен жылы олардың үлесі 34 мыңнан 55 мыңға дейін өсті... 
Эмитент ретінде Қазақстан қор биржасында (Halyk Bank – автор) акционерлердің жаңа құрамы туралы ақпаратты орналастырдық. Бұл 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қатысты болатын. Акционерлер құрамы неге өзгерді? Биыл 2 қаңтарда банк қарапайым акциялар мен әлемдік депозитарлық қолхаттарды жаһан және жергілікті нарықтардан сатып алу туралы шешім қабылдады. Осы келісімді БЖЗҚ пайдаланып, акцияларының біраз бөлігін сатты", – деді Мұрат Көшенов Аtameken Business телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өткен жылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Halyk Bank-тің акционерлер құрамынан шығуды жоспарлаған. Алайда БЖЗҚ бұл жұмысты биыл жүргізген.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акцияларды сату барысында олардың бағасы төмендемегенін растады. Бұл сатып алу неге жүргізілгенін түсіндірейін. Ашығын айтқанда, Halyk Bank ұзақ уақыт бойы айтарлықтай капиталдандыру деңгейін көрсетті... Ол туралы бірнеше жыл бойы инвесторлар жазды. Бұл соңғы 3 жылда банкке дивидент төлеу көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы уақытта біз дивидент төлеуді 50%-дан 60%-ға өсірдік. Осыған қарамастан банктің капиталы айтарлықтай жоғары болды. Акцияларды кері сатып алу банкке капиталды оңтайландыруға жол ашты", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Ол БЖЗҚ Halyk Bank-тің жалғыз акционері, әрі инвесторы емес екенін, акцияларды сатуға әлемдік және жергілікті инвесторлар да қатысқанын атап өтті.

Сондай-ақ Мұрат Көшенов Лондон және KASE қор биржаларында банк акциялары 11%-ға төмендеуіне қатысты пікір білдірді.

"Halyk Bank-тің бағалы қағаздары сатылатын негізгі нарық – Лондон қор биржасы. Алмадытағы KASE-пен Лондон қор биржасындағы (LSE) уақыт айырмашылығы – 6 сағат. Биыл 17 қаңтардағы Лондон қор биржасындағы сауда-саттықтың нәтижесінде, Halyk Bank-тің акциялары 2%-ға төмендеді. Сондықтан Лондонда жасалған сауда-саттықтың бір күнгі нәтижесін толық есепке алу керек.

Егер ұзақ уақытты алсақ, жыл басынан бері Halyk Bank-тің акциялары шамамен 21%-ға төмендеді. Оған бірнеше фактор әсер етті.

Қаңтардағы оқиға – негізгі фактор. Бұл жағдай Halyk Bank-тің акцияларына ғана емес, Kaspi.kz акцияларының бір айда 23%-ға арзандауына әсер етті.

Сонымен қатар Қазақстандағы акциялар бағасына геосаяси жағдайда әсерін тигізіп жатыр. Ресей мен Украина арасындағы байланыстың ушығуы. Мысалы, соңғы айда Сбербанктің акциялары 19%-ға, Тинькофф Банктің акиялары 25%-ға арзандады.

Сондықтан бүгінде өңірдегі барлық қаржы инстутына әсерін тигізіп жатқан факторларды назарға алған жөн", – деді орынбасар.

Оның пікірінше, Президенттің елдегі инвестциялық ахуалды жақсартуға қатысты берген тапсырмасы қаржы нарығына оң әсерін тигізуі мүмкін.

"Мемлекет басшысы Үкімет инвесторлардың сенімін арттыру үшін тиісті шараларды жүргізетінін мәлімдеді. Менің ойымша, бұл шетелдік инвесторлар үшін жақсы жаңалық... Бүгінде Halyk Bank-те барлығы жақсы. Біз 9 айда 330 млрд теңге таза пайда таптық. Негізгі капиталдың үлесі 20%-дан асады. Менің ойымша, инвесторлар экономика, қаржы секторы және банктегі фундаментальдi факторларға назар аударады деген ойдамын", – деді Мұрат Көшенов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу