Халық банкі Алтай Көлгіновтың мәлімдемесін жоққа шығарды

Халық банкі: Астана LRT-ны қаржыландыру бойынша әлі шешім қабылдаған жоқпыз  

Халық банкі Алтай Көлгіновтың мәлімдемесін жоққа шығарды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін, журналистермен болған әңгімеде:  "Астана LRT құрылысына ақшаны "Халық банк" пен "Бәйтерек" Ұлттықхолдингі беретін болды", – деп мәлімдеген.

"Бұған дейін айтқанымыздай, қытайлық инвестициядан бас тартып, есесіне 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Қазіргі уақытта біз "Халық банкпен" 3 пайыздық қарызбен 500 млн АҚШ долларын, сондай-ақ, 100 млн АҚШ доллары бойынша "Бәйтерек" холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты одан әрі жалғастыруға жеткілікті", – деген еді қала әкімі.

Алайда бүгін Халық банкі мұның әлі нақты еместігін айтты. Халық банкі әзірге тек қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Қазіргі таңда бұл мәселе талқылануда. Мәмілеге қатысу туралы түпкілікті шешімді банктің уәкілетті органдары мәмілеге әлеуетті қатысуды қарастырудың барлық қажетті процедураларын өткізу және болжамды орналастыру параметрлері анықталғаннан кейін қабылдайды", — деді банктің баспасөз қызметі біздің сауалымызға.

Банк тарапынан нақты шешім қашан қабылданатыны белгісіз.

Ал, Көлгіновтың кешегі сөзі түбегейлі шешім қабылданып, жақын күндері іске кірісіп кетердей әсер қалдырған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу