Халық банкі ресми мәлімдеме жасады

22319

Халық банк кейбір БАҚ-та жарияланған ақпаратты жоққа шығарды.

Халық банкі  ресми мәлімдеме жасады Фото: Максим Морозов

"Қазақстан Халық банкі" АҚ кейбір БАҚ-да Банктің стратегиялық серіктесімен акцияларды сату туралы келіссөздер жүргізілуде деген тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Атаулы бағытта таратылған жалған ақпарат заңнамаға сәйкес қудаланады.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған материалдардың жариялану сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк конституциялық құқықтарын қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгіну мүмкіндігін қолдана алады.

Банктің резервтері жеткілікті және шетелдің қатысуы жоқ қазақстандық екінші деңгейлі банктердің арасында қаржы тұрақтықтылығы жөнінде ең үздік рейтингтеріне ие. Банк барлық сын-тегеуріндерден өтіп, Қазақстанның қаржы нарығында Көшбасшылықты дәлелдей отырып, өз қызметін технологиялық даму стратегиясына сәйкес жүргізуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу