Halyk Finance: 2017 жылы тұрғын үй бағасы түседі

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
25253

Одан әрі 2020 жылға дейін жыл сайын орташа есеппен 4-5%-ға өсетін болады деп болжайды инвесткомпаниялар.

Halyk Finance: 2017 жылы тұрғын үй бағасы түседі

Тұрғын үйдің бағасы экономикалық жағдайдың жақсаруы мен банктің несие беруінің жандануы аясында ғана өсуі мүмкін. Мұндай болжам Halyk Finance инвестициялық компаниясы сарапшыларының елдің жылжымайтын мүлік нарығы жасаған шолуында көрсетілген.

Тұрғын үй бағасын ұстап тұруға мемелекеттік бағдарламалар әсер етіп, халықтың тұрғын үйге деген жаппай сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Іске қосылған мемлекеттік механизмдер (несие мөлшері бойынша субсидия беру) есебінен берілетін ипотекалық несие әлеуеті жандануы мүмкін, алайда халық табысының аздығы алдағы уақытта бағаны ұстап тұруға негіз болады деп есептейді Halyk Finance компаниясы.

"2000 жылдың басында ұсынылған жылжымайтын мүлік жыл сайын 3%-ға артып, халық санының өсуінен орташа алғанда екі есе озып кетті,  ал халық санының өсуінің баяулауына қарай тұрғын үй тапшылығы болмайды деп болжануда. Пәтерді жалға берумен қоса жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуін есепке ала отырып, нарықта ұсыныстың артылуы мүмкін деп болжануда" деп көрсетілген шолуда.

2016 жылы тұрғын үй бағасы теңгемен болсын, доллармен болсын тұралаған.

Инвесткомпаниялар ресми статистиканы келтіріп, 2016 жылдың басында жаңа тұрғын үйдің бағасы 4%-ға түскенін, ал қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы өзгермегендігін айтады. Ал аймақтар арасындағы тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы ең жоғары баға – Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында. 2016 жылы желтоқсанда 1 ш.м үшін ең жоғары баға – 339 мың теңге  Астанада тіркелген.  Екінші орынға Атырау орналасқан, оларда 1 ш.м үшін баға – 326 мың теңге.

"Ұзақмерзімді динамикада елдегі жылжымайтын мүліктің шынай бағасы әлі күнге дейін 2007 жылғы бағадан үш есе төмен. Астанада баға күрт  өскенмен де, ондағы баға 2007 жылғы бағадан төмен. Осыған қарап, жылжымайтын мүлік жинақ құралы ретінде өз құнын жоғалтып келе жатқанын айтуға болады. 2016 жылы тұрғын үй бағасы өзгермегеннің өзінде пәтерді жалдау құны Астанада 12%-ға, Алматыда 10%-ға төмендеген. Сонымен бірге пәтерді жалға беруден түсетін табыс Астанада 9,8-дан 8,5%-ға, Алматыда 10-дан 9%-ға түскен", – деп көрсетілген шолуда.

2014 жылдан бастап елдегі пәтер сату көлемі шамамен 30%-ға өскен. 2016 жылы тұрғын үйді сату-сатып алуға жасалған келісімшарт саны 190,2 мың болып, 2015 жылғы көрсеткіштен 14,6%-ға жоғары болған. Halyk Finance бұл өсуді "долларлық бағаның" төмендеуімен және тұрғын үй құрылысын мемлекеттің қолдауымен байланыстырады.

"2014 жылы ұлттық валютаның құнсыздануы жылжымайтын нарықтағы жасалатын келісімдердің төмендеуіне әкеп соқты.  Сонымен бірге өткен жылы жасалған келісімдердің көбеюі, одан кейін олардың  жылдың басында қайта төмендеуі жоғары құбылмалықтың дәлелі болды. Аймақтық тұрғыдан айтар болсақ, елордада пәтерлерді сатудың өскенін көруге болады. Астанада пәтерлерді сату соңғы екі жылда тура үш есеге өсіп, былтырғы жылы елорда пәтерлерінің жалпы қорынан  8%-ға артық болған. Алматыдағы пәтерлердің сатылуы бұрынғыға қарағанда сәл өсіп, қалалық пәтерлер қорының 4%-ына жуықтады", деп көрсетілген шолуда.

Инвесткомпния Астана мен Алматыдағы тұрғын үйлердің сатылымының өсуін сұраныстың жандануымен және халықтың жартысының "инвестициялық" пәтерлерді сатуымен байланыстырады. Ал соңғы екі жылдағы азаматтардың табысының төмендеуі сұраныстың түсуіне  себеп болуы мүмкін деп болжам жасайды.

 Дина Ермағанбетова  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу