"Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығын жолдады

2728

"Халық" ҚҚ Қамқорлық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның шешімі бойынша Атырау облысындағы мұқтаж және көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте ең қажетті азық-түлік, жуғыш және антисептикалық заттар, Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған және тіркелген дәрілік препараттардан тұратын 1000 жиынтық жолдады. 

"Халық" қайырымдылық қоры Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға 1000 азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығын жолдады

Елімізде карантин режимін енгізуге байланысты күрделі материалдық жағдайға тап болған және дәрі-дәрмекке мұқтаж, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың тізімін Атырау облысы әкімдігі ұсынды.

Жалпы салмағы 60 кг астам әрбір азық-түлік және дәрі-дәрмек жиынтығы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік препараттар, яғни азитромицин, ципрофлоксацин, амоксициллин, ривароксабан, бромгексин, спиролактон, аспирин, аскорбин қышқылы, нимесулид, сондай-ақ жиынтықта - күріш, ұн, қарақұмық, макарон, өсімдік майы, шай, қант, бұқтырылған ет, қойылтылған сүт, тәттілер, жуғыш, антисептикалық құралдар және медициналық бет перделер бар.

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап  "Халық" қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирус инфекциясы салдарын жоюға бағытталған үлкен жұмыстарды атқарды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға  20 000 астам азық-түлік жиынтығын тегін үлестіру, медицина қызметкерлеріне ақшалай төлемдер, қажетті медициналық жабдықтарды: ӨЖЖ аппараттарын, ПТР зертханалары және жедел жәрдем машиналары берілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы - 5,5 млрд теңгені құрады.

"Халық" ҚҚ мемлекет, бизнес, қайырымды жандар мен қазіргі таңда COVID-19-бен арпалысқан бүкіл Қазақстан халқының бірлігі арқасында қауіпті инфекцияны жеңетінімізге сенеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу