Халықаралық қаржы ұйымдарының 28 облигациясы шығарылды

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
10928

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы сауда көлемі 15,6 трлн теңгеге жетті.

Халықаралық қаржы ұйымдарының 28 облигациясы шығарылды Фото: Максим Морозов

Тамыз айында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың жиынтық көлемі 7 млрд 995 млн теңгені құрады. Бұл шілде айымен салыстырғанда 6,8% немесе 586,2 млрд теңгеге кем көрсеткіш.

Есептік кезеңде KASE индексінің мәні 1,2% өсті. Акция нарығын қаржыландыру 1,9% немесе 332,4 млрд теңгеге артып, 17,9 трлн теңгеге жетті. Ал саудаланған корпоративтік қарыз көлемі 4,1% немесе 561,4 млрд теңгеге ұлғайып, 14,3 трлн теңгеден асты.

Өткен айда KASE сауда-саттық тізімінде 139 эмитенттің 123 акциясы орналастырылып, 3 шығарылым листингтік емес бағалы қағаздар секторында сатылды. Шілде айымен салыстырғанда акция саудасы 37,2 млрд теңгеге артып, 48,5 млрд теңгені құрады. Сауданың орташа күндік көлемі 2,4 млрд теңге болды.

Қыркүйек айының басында KASE сауда-саттық тізіміне 182 эмитенттің 446 бағалы қағазын тіркеді. Осы кезде орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 124 436 есепшоты болды.

Корпоративтік облигациялар нарығында оң сальда тіркелді. Тамыз айының соңында KASE ресми тізіміне 70 эмитенттің 262 корпоративтік облигациясы орналастырылды. Корпоративтік борыш саудасы 561,4 трлн теңгеге артып, 14,3 трлн теңгені құраса, корпоративтік облигация нарығының жиынтық көлемі 257,5 млрд теңгеге жетті. Корпоративтік облигацияның алғашқы нарығында құны 251,7 млрд теңгені құрайтын 6 эмитенттің 6 облигациялық шығарылымы орналастырылды. Өсім шілде айындағы көрсеткіштен 2,6 есе немесе 154,4 млрд теңгеге артық болды.

Корпоративтік облигацияның қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейлі банктердің үлесі - 5,5%, брокер-дилерлердің үлесі - 0,2%, институционалдық инвесторлардың үлесі - 13, %, заңды тұлғалардың үлесі - 80,1% және резидент еместердің қатысу үлесі - 0,5% құрады. Тамыз айында қайталама нарықтағы сауда көлемі шілде айындағы көрсеткіштен 53,4% немесе 6,6 млрд теңгеге төмендеп, 5,8 млрд теңгеге түсті.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы сауда көлемі 15,6 трлн теңгеге жетті. Сауданың орташа күндік көлемі 20,3 млрд теңгені құрады.

Тамызда KASE тізімі арқылы Азиялық даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкі, Еуропалық инвестициялық банкі сынды халықаралық қаржы ұйымдарының 28 облигациясы шығарылды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу