Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындалу үшін қазақстандық бірнеше спортшыға стипендия бөлді, деп жазады inbusiness.kz сайты ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Стипендия иегерлерінің арасында ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар бар.
Қазақстаннан бағдарламаға енген спортшылар тізімі:
- Аида Әбікеева (бокс);
- Сағындық Тоғамбай (бокс);
- Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо);
- Әбиба Әбужақынова (дзюдо);
- Милад Карими (спорттық гимнастика);
- Руслан Курбанов (семсерлесу);
- Исхар Курбаев (грек-рим күресі);
- Ризабек Айтмұхан (еркін күрес);
- Зейнеп Баянова (әйелдер күресі);
- Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу);
- Александра Ле (нысана көздеу, пневматикалық қару);
- Ислам Сәтпаев (нысана көздеу, пневматикалық қару);
- Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу);
- Батырхан Төлеуғали (таеквондо);
- Алан Құрманғалиев (үстел теннисі);
- Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика);
- Әсем Орынбай (стенд ату);
- Сергей Петрович (ауыр атлетика);
- Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика);
- Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).
"Қазақстандық спортшылардың бұл бағдарламаға енуі олардың Олимпиада-2028 ойындарына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізуіне қосымша мүмкіндік береді", – деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
Қаржы – оқу-жаттығу жиындарына, жекелей дайындықтарға, бапкерлер мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, сақтандыруға, сондай-ақ жолақы мен тамақтануға жұмсалады. Стипендияның мақсатты жұмсалуы жіті қадағаланады.