Халықаралық Олимпиада Комитеті күдікті растауға өкілетті

10347

Ұлттық олимпиада Комитеті ресми сайтта 2008 және 2012 жылдарда Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан бес қазақстандықтың қайта тапсырылған допинг-сынамаларының оң нәтижесіне Халықаралық олимпиада комитетінің күдігі барлығын растады.

Халықаралық Олимпиада Комитеті күдікті растауға өкілетті

"Қазақстан  Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиада Комитетінің ( ХОК) хабарламасы бойынша "А" допинг-сынамасының қайта тексеру процедурасынан өткен спортсмендер ішіндегі 2008 жылы Пекиндегі және 2012 жылғы Лондондағы  Жазғы Олимпиада ойындарына  қатысқан  қазақстандық бес спортсменнің сынамасы күдік туғызғанын мәлімдейді",- делінген сайттағы хабарламада.

Қазіргі уақытта  Халықаралық Олимпиада Комитетінің және Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) процедураларға сәйкес қосымша "В" сынамасына зерттеу жүргізуде , егер осы сынамалар оң нәтиже көрсететін болса ғана тиісті атлеттер аты хабарланатын болады.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитеті осы құрылымның өкілдері қазіргі уақытта  "В" допинг- сынамасын ашу мен зерттеу процедуралары өтіп жатқан Лозан (Швейцария) қаласында екендігін атап көрсетті.

"Халықаралық Олимпиада Комитетінің регламентіне сәйкес аталған процедура құпия болып табылады және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынғанға дейін ақпарат таратылмайды",- деп Ұлттық Олимпиада Комитеті атап көрсетті. Қайта тестілеу процедурасының аяқталуына қарай зерттеулер мен хабарламалардың арнайы нәтижесін алғаннан кейін Ұлттық Олимпиада Комитеті аталған мәселе бойынша түсініктеме беруге өкілетті болады . Аталған мәселе бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен  таратылып және жарияланып жатқан егжей-тегжейлі ақпаратты ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті нақтыламады да жоққа да шығара алмайды",- деп хабарламада аяқталған.

Таратылып жатқан ақпарат негізінде, біріншіден, China Post қытай газетінің жариялауынша, Халықаралық олимпиада комитетінің сынамаларын қайта тексеруі барысындағы Пекин және Лондон олимпиадасының жеңімпаздары арасында қазақстандық штангист Зульфия Чиншанлоның нәтижесі оң нәтиже көрсетті делінген.Бұл ақпаратты арнайы нақтылау әзірге жоқ, алайда қытайлық басылым егер "В" сынамасының нәтижесі оң болмаған жағдайда Чиншанлоның алтын медалі Тайваньның лондон ойындарындағы қола жүлдегері  Хсу Шучинге берілетінін де айтып үлгерген.

Сенбі күні Oasport.it ғаламтор- ресурсы  ауыр атлетика бойынша екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Ильи Ильиннің 2012 жылы Лондон ойындарында алынған допинг-сынамасына қайта тексеруі оң нәтиже берді-мыс деген хабарлаған.

Осындай қобалжуды көршіміз Ресей Федерациясы да басынан өткергенін айта кету керек, алайда оларды барлығы жақсы аяқталды.Ресейлік ескекші Александр Корнилов (2008 жылғы Пекинде  РФ олимпиада құрамасының мүшесі)  пен жеңіл атлет Денис Нижегородовтың ( сол Олимпиаданың  50 шақырымға жаяу жарыста қола жүлдегері)  2008 жылғы Пекиндегі "А" сынамасы күдікке алынған еді, бірақ та олардың "В" сынамасы барлық күдікті сейілтті.

"Бүгін Халықаралық олимпиада комитетінен 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиада ойындарында Денис Нижегородов пен Александр Корниловтың "В" сынамасы тыйым салынған препараттар ізін таппай теріс нәтиже берді деп хабарлаған арнай құжаттар келіп түсті",- деп Ресей олимпиада комитетінің арнайы хабарламасында айтылған. – Оларға қатысты тәртіптік процедура жүргізілмейді",- деп осы жерде мәлімделген.

Игорь Воротной, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу