Халықаралық жүк тасымалының 80%-дан астамы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің үлесінде

93

Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов мәлімдеді.

Халықаралық жүк тасымалының 80%-дан астамы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің үлесінде Фото: ҚТЖ

Ол бұл деректерді ШЫҰ елдерінің теміржол әкімшіліктері басшыларының 6-кездесуі барысында ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Марат Шәкеновтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы тарихи максимумға жетіп, 320 млн тоннаны құраған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

Сонымен қатар, халықаралық тасымал көлемі 143 млн тоннаға жетіп, оның 115,3 млн тоннасы немесе 80%-дан астамы ШЫҰ елдеріне тиесілі болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артқан.

Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында тасымал көлемі 19,8 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өскен.

– Бұл нәтиже Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан теміржол әкімшіліктерімен екіжақты және көпжақты форматта жүргізілген үйлесімді жұмыстың нәтижесі, – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар логистикалық жүйелерді одан әрі интеграциялау және халықаралық көлік дәліздерін дамытуға бағытталған хаттамаға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу