Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер – Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр әкімдердің жылу беру маусымының өту барысын бақылауға алуына назар аударды.  

Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Сол себепті де, Олжас Бектенов аймақ басшыларына жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өңір әкімдері жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отырсын. Жоспарлы параметрлердің бәрі сақталуы керек, сондай-ақ отынның нормативтік қоры мен қосалқы жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету қажет. Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер, – деді Премьер-министр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев барлық жылу көзінде отын қорының жасақталғаны, сондай-ақ жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталып жатқаны туралы баяндады. 

Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары кестеге және күн райы жағдайына сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу