Халықтан алыс, жер қадірін білмейтін адамдар бізге қажет емес – Президент

237

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында туған жерден пайда тауып, жырақта жүретіндерді сынға алды.

Халықтан алыс, жер қадірін білмейтін адамдар бізге қажет емес – Президент Фото: Ақорда

Мемлекет әрдайым адал фермерлерді қолдайтынын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет туған жерінің өркендеуіне үлес қосатын, ауылдастарының игілігін ойлайтын адал фермерлер мен іскер шаруаларға әрдайым қолдау көрсетеді.

Алайда жерден пайда тауып жүргенімен үлкен қалада немесе шетелде тұратын бизнесмендер де бар.

Олар тіпті өздерінің шаруашылықтарына бармайды, көбіне әлеуметтік жауапкершілік танытуға құлықты емес, отандастарына жаны ашымайды, адамдардың мұң-мұқтажын түсіне бермейді.

Осы орайда заңды сауал туады. Бізге жер қадірін білмейтін, халықтан алыс, ауыл шаруашылығын тек пайда табудың жолы ретінде қарастыратын адамдар қажет пе?

Меніңше, жауабы анық. Қажет емес. Ендеше заң жүзінде шаралар қабылдау керек.

Бұл салада кәсіппен айналысатындардың бәрі, ең алдымен, ауылдағы тұрмыс сапасын жақсартуды ойлауға тиіс.

Аграрлық сектор – мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Әсіресе, тұрақсыз заманда оның өзектілігі арта түсті", – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу