Халықтың долларға қызығушылығы төмендеп келеді

2369

Мұнай бағасының қымбаттауы мен теңгенің нығаюы шетел валютасына деген сұранысты бәсеңдетті.

Халықтың долларға қызығушылығы төмендеп келеді

Ақпан айында доллардың таза сатылымы (сатып алынған және сатылған шетел валютасы арасындағы айырмашылық) 193,3 миллионды құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 4,3%-ға кем деп хабарлайды abctv.kz  Ұлттық банктің ай сайынғы есебіне сілтеме жасап.

Реттеушінің мәліметі бойынша, ақпан айында доллар сатып алу мөлшері 2016 жылдың шілдесінен кейінгі ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Бұл ретте айта кету керек, 2016 жылдың ақпан айында валютаны сату-сатып алу операцияларының көлемі диаметрлік қарама-қайшылықты тудырды. Басқаша айтсақ, халықтың доллар сатуы 277,4 млн-ды құрады.

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында айырбас орындары арқылы доллардың таза сатылымы 395,4 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артық (64,5 млн доллар). Алайда 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырсақ, доллардың таза сатылымы 4 есеге дейін қысқарды (1,49 млрд доллар).

Ақпан айында сатылған доллардың жартысынан артығы (193 млн доллардың ішінде 100 млн ) Алматы қаласында орын алды.

Шетел валютасына деген сұраныстың бәсеңдеуіне қарамастан, операциялар айырмасы жағымды көрсеткішті көрсетіп тұр. Мұнай бағасының қымбаттауы мен теңгенің нығаюы жағдайында жинақтарын доллармен сақтау салымшылар үшін қымбатқа түсіп отыр. Қазақстан банктерінде доллармен сақталған жинақтар  2017 жылдың 1 наурызында 51,5%-ды құраған болатын.

Ұлттық банк мәліметі негізінде есептелген abctv.kz-тің есебі бойынша, тек ақпанда ғана теңге 4,2%-ға нығайғандықтан валюталық салымшылардың бағамдық шығыны1,2 млрд доллардан асты. Сөйтіп жыл басынан бастап бұл сан 1,9 млрд долларға дейін үш еселенді.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу