Халықтың теңгеге деген сенімі қайта нығая бастады

18754

Былтыр банктегі қорлардың долларлануы 70%-дан 54%-ға дейін түскен.

Халықтың теңгеге деген сенімі қайта нығая бастады

2016 жылдың желтоқсанында банктердегі депозит 0,03%-ға (5,7 млрд теңге), яғни 18,16 трлн теңгеге дейін артты. Сонымен бірге салымдардың долларлануы тура 2 пайыздық көрсеткішке, яғни 54,6%-ға дейін түсті. Бұған Ұлттық банктің депозит нарығының ай сайынғы статистикасы дәлел.

Былтыр теңгеге деген сенім номиналды көрсеткіште 1,6 есе өскен. Салымдар құрылымындағы теңге салымдары 2016 жылдың басынан бастап 65%-ға өсіп, 2017 жылдың басында 8,24 трлн теңгеге жетті. Ал валюта салымдары, керісінше 14%-ға (1,6 трлн теңгеге), яғни 9,92 трлн теңгеге дейін түскен.

Теңге салымдары жалпы көрсеткіште 5 ай қатарынан нық өсіп, тамыз айындағы 7,1 трлн теңгеден желтоқсанда 8,24 тлрн теңгеге дейін өскен. Ел азаматтары долларландыру процесін белсенді қолдап, желтоқсан айында теңгемен жинаған ақшасын 268,5 млрд теңгеден 2,98 трлн теңгеге дейін өсірген.

Ал корпоративтік сектор өз әрекетіне өте абай. Желтоқсан айында ол 262,2 млрд теңге валюталық салымын жоғалтып алды. Желтоқсан айында теңге салымдары есебіндегі заңды тұлғалардың салымдары 212,2 млрд теңгеге, яғни 10,3 трлн теңгеге дейін түскен. Желтоқсан айында халықтың жалпы жинағы 217,9 млрд теңге артып, 7,84 трлн теңгеге жетті. Динамикаға қарап отырып, корпоративтік сектордың валюта қорының үлкен бөлігі жұмысшылардың еңбегі мен сыйақысын төлеуге кеткенін айтуға болады.

"Теңге депозиттерінің өсуіне ұлттық валютада жинақты арттыру шаралары, сонымен бірге ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталуы көмек болды. Долларландыру барысында халықтың депозит мөлшерлемесінің деңгейін арттыру – ең тиімді шара болды. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банк жеке тұлғалардың теңге депозиті бойынша ұсынылған мөлшерлемені 10%-дан 14%-ға дейін арттырды және шетелдік валютадағы депозит мөлшерлемесін 3%-дан 2%-ға дейін төмендетті", – деп түсініктеме берді Ұлттық банк.

Реттеушінің есебі бойынша, 2016 жылдың қорытындысында теңге долларға шаққанда 2,0%-ға, ал еуроға шаққанда – 5,1%-ға нығайды. Ұлттық банк шетел валютасындағы депозит мөлшерлемесін барынша шектеу шетелдік валютадағы жинақтың экономикалық мақсаттылығын түсірді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу