Израиль жексенбіде тапсырылған мәйіттің 2014 жылы Газа секторында қаза тапқан лейтенант Хадар Голдинге тиесілі екенін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сәйкестендіру үдерісі аяқталғаннан кейін Израиль Қорғаныс әскерінің өкілдері тұтқынға түскен лейтенант Хадар Голдиннің отбасына олардың жақыны Израильге қайтарылғанын мәлімдеп отыр.
Голдин – атышулы бітім келісімі аясында мәйіті қайтарылған 24-ші тұтқын болып саналады. Жалпы, ХАМАС барлығы 28 адамның денесін қайтаруға міндеттелген.
– Ұзақ та азапқа толы 11 жылдан кейін Израиль қаһарманы лейтенант Хадар Голдин бүгін туған еліне оралды, – деп жазды президент Ицхак Герцог X әлеуметтік желісінде.
Израиль әскері Голдин екі солдатпен бірге атыс барысында қаза тапқанын, кейін оның денесін содырлар алып кеткенін айтады.
ХАМАС-тың әскери қанаты оның мәйіті Рафах ауданындағы туннельден табылғанын мәлімдеді. Бұған дейін ұйым Голдиннің қаза тапқанын да, оның денесі өздерінде екенін де мойындамаған еді.