Десек те сарапшылар мен қоғам белсенділері қазақстандықтар арасында азаматтық қоғам, қоғамдық пікір енді ғана дамып келе жатқанын, дамудың әлі де баяу екенін айтады. Бірі екіншісінің құқығы мен таңдауын қадірлейтін, азаматтық толысқан, озық қоғамға айналу бір күнде болатын процесс емес. Алайда қоғамда құқықтық сауаттың дамуы харассмент деген не? Одан қалай сақтанамыз? деген сияқты сұрақтарды туындатты. Осындай өзекті сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз.
Көбіне харассмент студент пен оқушы немесе қызметкер мен басшы арасында болады.
Бұл күшті тараптың ықпалы мен билігін асыра пайдалануы, этика шеңберінен шығатын студенттермен немесе қарамағындағы қызметкермен флирт жасауы, жеке кеңістікті бұзуы. Харассмент тек сексуалды сипатта ғана болады деп ойлауға болмайды. Бұл бір адам өзінің басымдығын пайдаланып, басқа адамға жағымсыздық тудырғанына қарамай, әдейі жасалған кез келген әрекет. Бұл терінің түсі, бағыты, жынысы, денсаулық ерекшелігін келеке ету болуы да мүмкін.
Біздің елімізде харассментке заңды түрде анықтама берілмеген. Сондай-ақ харассмент "бір адамның басқа адамға жыныстық сипатқа байланысты тиісуін, жағымсыз әсер қалдыратын жағдайды да білдіреді.
Харассмент пен жыныстық қудалау қарым-қатынас құруды мақсат тұтпайды, ол басқа адамға еркінен тыс өз қалауын жасату, билік етуді білдіреді. Әдетте, өз қолында қандай да бір күшке ие болған бір адам оны әлсіз адамға көрсеткісі келетіні туралы.
Оның ең кең таралған түрі - жұмыстағы қудалау, бұл күрделі мәселе. Адамдар харассменттің зардабы ауыр болуы мүмкін екенін ойламайды, бірақ харассменттің соңы зорлаумен аяқталатын жағдайлар жиі кездеседі.
Бірақ қоғам харассмент мәселесін әлі күнге дейін өзекті мәселе деп қарамайды. Өйткені оның нақты ауқымын бағалау қиын, біріншіден, оның үстіне, елімізде харассмент туралы жақында ғана ашық айта бастады. Көбінесе жұмыста қудалауға тап болған әйелдер - жұмысты жоғалтып алудан қорқатын, қаржылық мүмкіндігі төмен топ өкілдері.
Әйелдердің осы жұмысқа тәуелді екенін пайдаланып, жымысқы мақсаттарын жүзеге асыруңа ұмтылады. Мұндай жағдайға басқа жұмыс табатынына сенімді емес, ақшаға мұқтаж әйелдер ұзақ уақыт төзіп жүре беруі мүмкін.
Комплимент немесе харассмент?
Харассмент ауызша және вербалды емес болуы мүмкін. Харассмент кейде жағымды формада болуы мүмкін. Мысалы, көптеген сыйлықтар, соның ішінде гүлдер, кешкі асқа шақыру.
Әйелді жаулап алу қажет дегенді ұстанымды ұстанатын ерлер қауымы харассментке жол береді. Әйелде таңдау құқығы қалуы керек.
Патриархалды қоғамда ер азаматтар қарым-қатынас құру үшін екі тараптың да келісімі болуы керек екенін ескермейді. Адам сіздің сөздеріңізге немесе әрекеттеріңізге оң жауап беруі керек. Әйелдің "жоқ" "иәні" білдіретіні туралы мифке сену - қателік.
Әйелдің рұқсатынсыз физикалық жанасуға ұмтылу. Бір адам екінші адамды рұқсатсыз құшақтаса, бұл харассмент болады.
Өзара әрекеттесетін адамдар мәртебесі бойынша тең болмаған кезде (бастық және бағынышты, оқытушы және студент), үлкен күшке ие адам әлсізлі пайдаланбауы керек, ал аз күшке ие адам одан зардап шекпеуі керек.
Бір рет ұнатқан адам мәңгілік сүйіп өтуге міндетті емес. Кез-келген уақытта екі адамның біреуі қарым-қатынастан бас тарта алады.
Жұмыста харассментке тап болғандар не істеуі керек?
Сарапшылардың пікірінше, қудалауға қарсы нақты схема жоқ (өйткені қажетті заңдар жоқ), бірақ бірнеше жалпы нұсқауларды бөліп көрсетуге болады.
Еңбек құқықтарын қорғаумен әлеуметтік-еңбек құқықтары орталығы айналысады. Олар жұмыс орнында кемсітушілікке тап болған әйелдерге көмектеседі.
Физикалық зорлықтан зардап шеккен адам жеке заң көмегіне жүгіне алады адвокаттар мен құқық қорғаушыларға (мысалы, зорлық-зомбылы жоқ).
Харассменттің жолын кесудің тиімді механизмі — жариялылық.
Кемсітушілік пен қудалау туралы ашық айту оңай емес. Алайда жұмыста және оқу орындарында қарым-қатынас принциптерін бекітетін арнайы ережелер мен қудалаудан қорғаудың жалғыз жолы ашық айту болуы мүмкін.
Жұмыстағы арнайы білім беру тренингтері (мамандар бүкіл ұжымға харассмент деген не және қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстау керектігін айтқан кезде) кемсітушілік пен қудалаудың алдын-алуға болады.