Харбин-2025: Ел қоржыны 15-ші медальмен толықты

318

Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Харбин-2025: Ел қоржыны 15-ші медальмен толықты Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан Азия ойындарының тағы бір жүлдесін жеңіп алды. 4х7,5 шақырымдық эстафетада команда құрамында Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев өнер көрсетті.

Отандастарымыз 1:12:54,7 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды. Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялықтарға бұйырды. 

Ал, Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында алғаш рет жеңіліс тапты. Командамыз финалдық кезеңді Жапонияға қарсы матчпен бастап, 0:4 есебімен жеңіліс тапты.

Келесі матч Қытайға қарсы 13 ақпанда сағат 11:00-де басталады. Төрт команда бір-бірімен айналмалы жүйеде ойнайды және медальдар топтағы орынға қарай бөлінеді.

Бұған дейін алдын ала кезеңде төрт рет қатарынан жеңіске жеткен Қазақстан әйелдер құрамасы "В" тобында 11 ұпай жинады. Бірде-бір кездесуде жеңілмей, "А" тобына бірінші орынмен шықты.

Ол ойындарда Александра Тебенкованың шәкірттері  Гонконг (12:0), Таиланд (9:0), Қытайлық Тайбей (5:1) және Оңтүстік Кореяны (қосымша уақытта 1:0) ұтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу