Отандасымыз Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан Харбиндегі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол 76,54 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Бұған дейін шорт-трекшілеріміз 2000 метрлік аралас эстафетада күміс, конькимен жүгіруден де күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, шаңғышы Константин Борцов та табысқа жетті.
Айта кетейік, Қазақстан барлық Орталық Азия елдері арасында қатысушылар саны бойынша бірінші орында. Харбинге 11 спорттың 10 түрінен медальдар үшін жарысқа барлығы 137 қазақстандық спортшы барды.
Сондай-ақ, бүгін керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы да сынға түсті. Өкінішке қарай командамыз Жапонияға 4:10 есебімен жеңіліп қалды.
Жарыс 14 ақпанға дейін жалғасады.