Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ

293

7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1 275 спортшы жиналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Харбин-2025 ең көп мемлекет пен спортшы қатысатын қысқы Азиада болмақ Фото: gov.kz

Азия Олимпиада кеңесінің мәліметінше, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады.

Осыған дейінгі Жапонияның Саппоро қаласындағы бәсекеде құрлықтағы 30 ел мен Тынық мұхиты аймағынан Аустралия мен Жаңа Зеландияны қосқанда 32 комитет тіркелген. Ал спортшылар саны 1 147 болған. Араға 8 жыл салып, Харбинде олардың саны 128 атлетке көбейеді.

Айта кетейік, аталған 1 275 спортшының 755-і ер, 520-сы әйел. Олардың 847-сі мұз айдынындағы жарыстарда күш сынасады. Ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортында кім мықтыны анықтайды.

Тағы бір ақпарат, IX қысқы Азия ойындарында 32 жүлде жиынтығы Харбиндегі мұз айдынындағы сында, қалған 32 алтын медаль иегері Ябулиде белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу