Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев алтын медальға ие болды. Ол жарысты 29 минут 47,4 секундта бірініші болып аяқтады.
Тағы бір қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Харбиндегі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Спортшымыз 10 шақырымдық спринтте мәреге екінші болып келді. Ол алтын медаль иеленген Владислав Киреевтен +25,7 секундқа қалып қойды.
Сондай-ақ, аталмыш жарыс түрі бойынша сынға түскен Әсет Дүйсенов 6-шы нәтиже, Александр Мухин 7-ші нәтиже көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу