Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.
Соңғы айналымда қола жүлде аламыз деп ойлаған едік. Бірақ, соңғы бұрылыста қытайлық пен корейлік спортшы соқтығысып, екеуі де Әділ Ғалиахметовке алға озуға мүмкіндік берді.
Осылайша, спортшыларымыз алтынға қол жеткізді. Жапония құрамасы күміс жүлдеге ие болса, турнир қожайындары – Қытай құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Бұл Қазақстан шорт-трегі тарихында Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль екенін айта кетейік. Бұған дейін спортшыларымыз тек күміс, қола жеңген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу